Бүгін Атырау қалалық табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Комиссия отырысына қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Тілек Махуов төрағалық етті. Отырысқа комиссия мүшелері мен жауапты мекемелердің өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде 2026 жылғы 19 қаңтарда өтетін «Крещение Господне» діни мерекесі кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қаралды.
Аталған мереке күндері төтенше жағдайлардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар ұйымдастырушылық шаралар белгіленді.
Атырау қаласы аумағында «Жайық» өзенінде суға түсуге арналған 3 арнайы орын анықталды:
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді:
Комиссия отырысының негізгі мақсаты – мереке күндері тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, төтенше жағдайлардың алдын алу.