АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІГІНДЕ АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІГІНДЕ АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға қалалық мәслихат төрағасы, дербес бөлімдердің басшылары мен коммуналдық мекемелердің өкілдері қатысты. Мәжіліс барысында қала тұрғындарын мазалайтын өзекті мәселелер қаралды.

Күн тәртібінде инфрақұрылымды жақсарту, коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары талқыланды. Сонымен қатар, қысқы маусымға дайындық барысы пысықталып, бұл бағыттағы жұмыстарды жеделдету қажеттігі айтылды.

Шаһар басшысы әрбір мәселенің артында тұрғындардың өмір сапасы тұрғанын атап өтіп, ауыз су, жылу жүйелері, көшелерді жарықтандыру және қоқыс шығару жұмыстарына байланысты нақты жоспарлар бекітілді.

Қала әкімі тиісті мекемелерге қысқы маусымға дайындық шараларын күшейтуді және жұмыстардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.