Кездесуде қала әкімі алдымен аталған округте атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Кейін қала әкімі тұрғындардың сұрағына жауап берді.
Тұрғындар жаяу жүргіншілер жолын төсеу, жаңа әлеуметтік нысандар салу, ауылды абаттандыру, жарық бағаналарын ауыстыру, саябақ аумағына тас жол төсеу мәселелерін көтерді.
Қала әкімі азаматтар көтерген әр мәселе өзектілігіне қарай заң аясында кезең-кезеңімен шешілетінін айтты.
Кейін қала әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қала әкімінің кездесуі әкімдіктің ресми әлеуметтік желі парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.