Бүгін Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға дербес бөлімдердің басшылары мен коммуналдық мекемелердің өкілдері, қалалық мәслихат төрағасы қатысып, қала тұрғындарын мазалайтын негізгі мәселелер қаралды.
Күн тәртібінде инфрақұрылымды жақсарту, коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары талқыланды. Сонымен қатар, алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарына ерекше назар аударылып, қала әкімі тиісті мекемелерге бұл бағыттағы шараларды күшейтуді тапсырды.
Қала басшысы әрбір мәселенің артында тұрғындардың өмір сапасы тұрғанын атап өтіп, ауыз су, жылу жүйелері, көшелерді жарықтандыру және қоқыс шығару жұмыстарына байланысты нақты жоспарлар бекітілді.