АТЫРАУДА 82 АНАҒА МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДА ТАБЫСТАЛДЫ

АТЫРАУДА 82 АНАҒА МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДА ТАБЫСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 25 тамыздағы №974 Жарлығына сәйкес, Атырау қаласы бойынша 82 ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларымен марапатталды.

Салтанатты шарада марапаттарды қала әкімінің аппаратының басшысы Айбек Кадралиев табыстап, аналарды құттықтады.

- Аналардың қоғамдағы орны ерекше. Сіздердің мейірімдеріңіз бен еңбектеріңіз елдің болашағына қосылған баға жетпес үлес. Бұл марапат – мемлекет тарапынан көрсетілген үлкен алғыстың белгісі,- деді А.Кадралиев.

Шара соңы әсем әнмен өріліп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.