1 сағаттың ішінде 30 мың бос пластикалық бөтелке жиналды

1 сағаттың ішінде 30 мың бос пластикалық бөтелке жиналды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Жасыл ел жастар жасағының бастамасымен кезекті экологиялық шара ұйымдастырылды.

Бұл жолы игі бастама Еркінқала ауылдық округінде жалғасын тапты. Бар-жоғы 1 сағаттың ішінде ауыл тұрғындары мен балалардың белсенділігі арқасында 30 мыңға жуық бос пластикалық бөтелке жиналды.

Шара барысында балаларға таңдау берілді:
• 10 пластикалық бөтелке – 1 балмұздақ 🍦
• 5 пластикалық бөтелке – 5 оқу дәптері 📚

Балалардың бірі тәтті балмұздаққа қуанып жатса, енді бірі іні-қарындасына жаңа оқу жылына қажетті оқу құралдарын алып берді.

Жиналған бөтелкелер бірден қайта өңдеуге жіберілді. Акция соңында қатысушылар спорттық ойындарда бас қосты.