Бүгін Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға дербес бөлімдердің басшылары мен коммуналдық мекемелердің өкілдері, қалалық мәслихат төрағасы қатысып, қала тұрғындарын мазалайтын негізгі мәселелер қаралды.
Күн тәртібінде инфрақұрылымды жақсарту, коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары талқыланды. Қала әкімі әрбір мәселенің артында тұрғындардың өмір сапасы тұрғанын ерекше атап өтіп, тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді. Ауыз су, көшелерді жарықтандыру, апатты үйлерді сүру және қоқыс шығару жұмыстарына байланысты жоспарлар бекітілді.
Жиын барысында қала әкімі Шәкір Кейкин Қайыршақты ауылдық округінің бұрынғы әкімі Шапқат Қалиевқа 2009 жылдан бері ауылдық округке сіңірген еңбегі үшін арнайы Алғыс хат табыстады.