АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДІҢ ӘКІМДЕРІНЕ КУӘЛІК ТАБЫСТАДЫ.

АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДІҢ ӘКІМДЕРІНЕ КУӘЛІК ТАБЫСТАДЫ.

2025 жылғы 16 шілдеде Атырау қаласы Еркінқала және Қайыршақты ауылдық округі әкімі аппараттарының ғимараттарында ауыл активтерінің жиналысы өтті. Жиындар барысында Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Дәулетов Еркінқала ауылдық округінің әкімі болып сайланған Мәлік Сағидоллаұлы Кариевке және Қайыршақты ауылдық округінің әкімі болып сайланған Жолдиев Рафхат Лесұлына ресми әкім куәліктерін табыстады.

Тікелей сайлау нәтижесінде Еркінқала ауылдық округінің әкімі болып сайланған Мәлік Сағидоллаұлы және Қайыршақты ауылдық округінің әкімі болып сайланған Рафхат Лесұлы 2025 жылдың 16 шілдесінен бастап жаңа қызметіне ресми түрде кірісті.

Мәлік Кариев 1979 жылы 25 маусымда Атырау қаласында дүниеге келген. Ол жергілікті атқарушы органдарда 22 жылдан астам еңбек өтілімен ерекшеленеді. Сайлауға дейін, 2024 жылдан бастап Атырау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімін басқарып келді.

Рафхат Жолдиев 1984 жылы 16 желтоқсанда Қызылқоға ауданының Миялы ауылында дүниеге келген. Атырау облысындағы жергілікті атқарушы органдарда 17 жылдан астам еңбек өтілі бар. Сайлауға дейін, 2023 жылдан бері Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметін атқарған.