2025 жылғы 28 сәуірдегі ҚР Президентінің №862 Жарлығы негізінде Атырау қаласынан 61 ана “Алтын алқа” және “Күміс алқа” мемлекеттік наградаларымен марапатталды.
Бұл – еліміздің демографиясына, отбасы құндылықтарына және ұрпақ тәрбиесіне қосқан өлшеусіз үлестің нақты бағалануы.
Мемлекеттік наградаларды аналарымызға қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов салтанатты түрде табыстады.
“Алтын алқа” – жеті және одан да көп бала тәрбиелеп өсірген аналарға. “Күміс алқа” – алты бала тәрбиелеген аналарға беріледі.
“Көп балалы аналар — елдің берекесі, мемлекеттің тірегі. Сіздердің еңбектеріңіз – ұлт болашағы үшін сіңірілген шексіз еңбек” – деді өз сөзінде қала әкімінің орынбасары.
Бұл күн – батыр аналарымызға деген құрметтің белгісі! Олардың төзімі, мейірімі мен махаббаты – қоғам үшін баға жетпес құндылық.