Жетінші шақырылған Атырау қалалық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабар

Жетінші шақырылған Атырау қалалық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабар

2021 жылғы 10 қаңтарда Атырау қаласы сайлау округінің аумағы бойынша VII шақырылған Атырау қалалық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

Қала  бойынша сайлаушылар тізімдеріне 228274 сайлаушы енгізілді, оның ішінде 105051 сайлаушы сайлау бюллетеньдерін алды немесе 46,02% .

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны - 103289, оның ішінде     9-ы есептен шығару куәліктері бойынша, 1258-і дауыс беруге арналған үй жайдан тыс жерде.

Сайлауға 4 саяси партиялар қатысты.

Дауыс беру кезінде саяси партиялар үшін келесі сандарда дауыстар берілді:

 Қазақстан халық партиясы - 8421 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 8,26 проценті;

«Nur Otan» партиясы - 76799 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 75,34 проценті;

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 8308 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 8,15 проценті;

«ADAL» саяси партиясы - 8411 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 8,25 проценті.

  1. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының жеті және одан көп процентін алған саяси партиялар келесідей белгіленді:

Қазақстан халық партиясы – 8421 (8,26%);

«Nur Otan» партиясы – 76799 (75,34%);

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 8308 (8,15%);

«ADAL» саяси партиясы - 8411 (8,25%).

  1. 2. Саяси партиялар үшін депутаттық мандаттар былайша бөлінді:

Қазақстан халық партиясы – 2;

«Nur Otan» партиясы – 18;

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 2;

«ADAL» саяси партиясы – 2.

Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
12 января 2021