«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 26.02.2025 - 04.03.2025

Қабылдау 1 этап: 05.03.2025- 07.03.2025

Қабылдау 2 этап: 12.03.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 13.03.2025

Мәтіндік   және   сандық   ақпаратпен   жұмыс   істеу   қабілетін   бағалау: 16.03.2025

Сұхбат: 20.03.2025

Анықтама телефоны: 87153621426

E-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243701

(Лауазымдық     жалақы    нақты     қызметкердің     жұмыс     өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Тайынша қаласы әкімінің аппараты" КММ әлеуметтік мәселелер жөніндегі бас маманы, E-G-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)

 

Функционалдық міндеттері:

Тарихи және мәдени мұраларды сақтау бойынша жұмыстарды жүргізеді; Қала аумағында тұратын аз қамтылған тұлғаларды анықтауға көмектеседі, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамту бойынша, әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз басты қарттарға және еңбекке қабілетсіз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін ұсыныстар енгізеді, мүгедектерге көмек көрсету, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды, жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарын ашуды ұйымдастырады, жергілікті әлеуметтік инфраұрылымның дамуына көмек көрсетеді; Тайынша қаласы бойынша еңбек нарығының негізгі көрсеткіштерінің статистикалық есебінің электронды түрін құру. Мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді, тұрғындардың әлеуметтік-осал топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді жүйелеу.

 

Қосымша талаптар:

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес

 

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: әлеуметтік жұмыс,

 

экономика, менеджмент, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану, мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы, пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау, әлеуметік педагогика және өзін- өзі тану мамандарын даярлау, математика және статистика, педагогика және психология, бастауыш білім беру мұғалімі, өзіндік тану пәнінің мұғалімі, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, құқық, экономика (сала бойынша), қаржы, банк және сақтандыру ісі, техник-статистик

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.