Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 06.11.2025-12.11.2025
Қабылдау 1 этап: 13.11.2025-17.11.2025
Қабылдау 2 этап: 19.11.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 20.11.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 23.11.2025
Сұхбат: 02.12.2025
Анықтама телефоны: 87153621426
E-G-3санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 243 701
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" КММ қаржы қызметі жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі бас маманы, E-G-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Мемлекеттік сатып алулар бойынша есептер және жоспарлар құру, мемлекеттік сатып алулар жоспарына өзгерістер енгізу, жабдықтаушымен шарттар жасау және қол қою, мемлекеттік сатып алуларды жүргізу жүргізілген мемлекеттік сатып алулар бойынша және жасалған шарттар бойынша мониторинг құру, шарттардың орындалуы бойынша есеп беру. Жергілікті басқарудың ҚБЕ есебін жүргізу, қаржыландырудың жеке жоспарын құру, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБЕ есебі бойынша төлемдер жүргізу, жергілікті басқару есебі бойынша есептерді қалыптастыру және ұсыну. «А» блогы.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: менеджмент, қаржы,есеп және аудит, құқықтану, экономика, экономика (сала бойынша), бухгалтерлік іс және салық салу, қаржы, банк және сақтандыру ісі, құқық.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.