
27-28 наурыз аралығында Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Әл-Фараби-2025» халықаралық олимпиадасының финалы өтті. Бұл ауқымды шараға Қазақстанның, ТМД елдерінің, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің жалпы білім беретін мектептерінің 11-сынып оқушылары қатысты. N1 Саумалкөл орта мектебінің оқушысы Өмірболатов Мақсат әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Қазақстан тарихы пәнінен өткен олимпиадаға қатысып, жүлдегері және грант иегері атанды. Олимпиаданы ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы Білім министрлігі мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы болды. Мақсат тәлімгері тарих пәнінің мұғалімі Ерлан Жұмабекұлы Бөкеновпен бірге жақсы дайындықтың арқасында облыстық, республикалық тарих олимпиадаларының бірнеше дүркін жеңімпазы болып табылады. Құттықтаймыз, алдағы уақытта табыс тілейміз!