«Мектепке жол»

«Мектепке жол»

Айыртау ауданында 1 тамызда басталған жыл сайынғы жалпыреспубликалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы қарқын алып келеді. Акция оқу жылының басталуына дайындық кезінде ерекше қамқорлықты қажет ететін отбасылар мен балаларды қолдауға және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармай қалуының алдын алуға бағытталған.

Ағымдағы жылдың тамыз айында жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан мектеп формасын сатып алу үшін жалпы сомасы 26,4 млн теңгеге біржолғы қаржылай төлемді 520 мектеп оқушысы алып үлгерді.

Акцияға жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік ұйымдардың басшылары, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, жеке кәсіпкерлер және ауданымыздың жанашыр тұрғындары белсене қатысуда. Бюджеттен тыс көздерді тартудың арқасында бүгінгі таңда 100-ден астам оқушыға көмек көрсетілді.

«Халық Банкі» АҚ жыл сайынғы дәстүр бойынша жаңа оқу жылы қарсаңында 10 бірінші сынып оқушысына мектеп құралдары салынған рюкзактарды табыс етеді.

Жергілікті кәсіпкерлер мектеп оқушыларына арналған тауарлардың кең таңдауы қолжетімді бағамен ұсынылған сауда жәрмеңкелерін ұйымдастырды.

Барлық жанашыр азаматтарды, кәсіпкерлер мен меценаттарды 30 қыркүйекке дейін жалғасатын акцияның белсенді қатысушысы болуға шақырамыз!