https://youtu.be/8WBofhZMNBU?si=SfXBKzcP0MQoSkKu
«Айқын нәтиже» және «Саналы ұрпақ» жобаларын іске асыру аясында мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, отбасындағы қолайсыздықтың профилактикасы және балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған кешенді профилактикалық іс-шаралар өткізілді.
Атап айтқанда, 2026 жылғы 8 шілдеде Айыртау ауданы прокуратурасының үйлестіруімен мүдделі мемлекеттік органдардың, аудандық полиция бөлімінің, білім бөлімінің, Айыртау ауданының Отбасын қолдау орталығының және Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығының қатысуымен әлеуметтік осал жағдайдағы отбасыларға, оның ішінде қолайсыз және толық емес отбасыларға, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалар өгей әкенің тәрбиесінде болатын отбасыларға ведомствоаралық рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Рейдтік іс-шаралар барысында отбасылардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайына зерделеу жүргізіліп, ата-аналардың (заңды өкілдердің) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу, асырау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауы тексерілді. Ата-аналармен Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау, отбасындағы қолайсыздықтың алдын алу, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ ата-аналық міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік мәселелері бойынша профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Рейдтік іс-шаралардың қорытындысы бойынша отбасыларға кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу, асырау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті жағдай жасау мәселелері бойынша ұсынымдар мен түсіндірмелер берілді. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданады, оның ішінде материалдарды Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына жолдау, сондай-ақ отбасыларға қажетті әлеуметтік, психологиялық, құқықтық және өзге де көмекті ұйымдастыру және көрсету мәселелері қаралады.