
Айыртаулықтар тағы да жоғары жетістіктерін дәлелдеді!
9–11 сынып оқушылары арасында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Солтүстік Қазақстан облысының құрама командасы құрамында Айыртау ауданынан 5 оқушы қатысып, жоғары нәтиже көрсетті!
Олимпиада қорытындысы бойынша-1 жеңімпаз және 1 жүлдегер:
🥇 1 орын — Козлова Евгения (орыс тілі мен әдебиеті), Саумалкөл №2 мектеп-гимназиясы 10-сынып оқушысы
🥉 3 орын — Коринец Артём (ағылшын тілі), Саумалкөл орта мектебі №1-дің 10-сынып оқушысы
Екі оқушы да «Ауыл мектебінің үздік оқушысы – 2026» атағына ие болды.
Салтанатты марапаттау рәсімі жарқын концерттік бағдарламамен әрленіп, ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар, жаңа белестерді бағындыруға сенімді қадам және жарқын жетістіктер тілейміз. Білімге деген құштарлық пен табандылық сіздерді үлкен жеңістерге жетелей берсін!