
Ағылшын тіліндегі «English Song Contest» ән байқауы аудан көлемінде өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың көркемдік-эстетикалық, музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ ағылшын тілін оқыту үдерісін қызықты әрі нәтижелі ету болды.
Байқау жеңімпазы — Саумалкөл №1 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Артём Коринец. Ол «Right Now» әнін орындады.
Байқау жүлдегерлері: Ерсін Кәусәр (Саумалкөл қазақ орта мектебі), Авил Аруна, Жиынбекқызы Жанайым, Молдағалиева Айнур (Лобанов орта мектебі), Кучер Матвей (Саумалкөл №1 орта мектебі).
Жеңімпаз бен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Оларға алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз!