
Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде №2 Саумалкөл мектеп гимназиясында тарих пәні мұғалімдері арасында "Кәсіпқой" облыстық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты: тарих пәні бойынша жоғары ғылыми-пәндік білімі бар облыстың үздік педагогтерін анықтау. Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру әрі озық педагогикалық тәжірибені тарату. Аудандық олимпиадаға тарих пәнінен 10 мұғалім қатысты. Олимпиада 2 кезеңде өтті. 1 кезең тест II кезеңде портфолиосын қорғау.
Аудан бұйрығымен бекітілген әділқазылар алқасының шешімі бойынша келесі жеңімпаздар анықталды. Олимпиада қорытындысы бойынша тарих пәнінен 1 орынды Аукенов Айбек Ауесбекович №2 Саумалкөл мектеп-гимназиясы, II орынды Каиржанова Айгуль Сарсенбаевна Бірлестік орта мектебі және Махметов Ақан Өмірбекович №2 Саумалкөл мектеп-гимназиясы, III орынды Искакова Зайра Каирлиновна Саумалкөл қазақ орта мектебі мен Быданов Евгений Сергеевич Саумалкөл №1 орта мектебі пән мұғалімдері жеңімпаз атанды. Ауданымыздан I орын иеленген Аукенов Айбек Ауесбекович облыстық кезеңде ауданымыздың намысын қорғамақшы. Жеңімпаздарды құттықтаймыз, шығармашылық табыс тілейміз!