
2026 жылғы 4 наурызда Петропавл қаласында «Алматыкітап» баспасының ауданның білім беру ұйымдарына электронды планшеттерді салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Бұл шара цифрлық білім беру ортасын дамытуға және мектептерді заманауи технологиялық шешімдермен қолдауға бағытталған маңызды қадам болды.
Іс-шара аясында біздің ауданға білім беру үдерісінде пайдалануға арналған үш электронды планшет табысталды. Жаңа құрылғылардың иегерлері Елецская ОМ, Новосветловка ОМ және Аксёновка ОМ болды. Планшеттер педагогтер мен оқушыларға электронды білім беру платформаларын, цифрлық оқулықтарды және заманауи интерактивті ресурстарды белсенді пайдалануға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда білім беру жүйесінде заманауи технологиялардың рөлі артып келеді. Электронды құрылғыларды пайдалану оқу үдерісін қолжетімді, көрнекі және тиімді етіп ұйымдастыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ оқушылар мен педагогтердің цифрлық дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Білім беру саласын дамытуға қосқан қолдауы мен үлесі үшін «Алматыкітап» баспасына шынайы алғысымызды білдіреміз. Осындай бастамалар мектептерде заманауи білім беру технологияларын енгізуге және оқыту үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.