
🌟 *Дарынды мұғалім – дарынды балаларға!* 🌟
Ағымдағы жылдың *18 ақпанында* жас педагогтер арасында кәсіби шеберлікті, шығармашылық әлеуетті және дарынды оқушылармен жұмыс істеудегі тиімді тәжірибені анықтауға бағытталған облыстық байқау өтті.
Біздің жас педагог Арыкбалық ОМ Закирин Арыстан Кайратович облыстық деңгейде өз мектебі мен аудан намысын абыроймен қорғап, *ІІ орын иеленгенін* зор мақтанышпен хабарлаймыз! 🏆
Байқау тәжірибе алмасу, авторлық әдістемелерді таныстыру және білім беру мен тәрбиелеудің заманауи тәсілдерін көрсету алаңына айналды. Арыстан Қайратұлы жоғары кәсіби дайындық деңгейін, креативтілігін және дарынды балалармен жұмыс жасаудағы терең біліктілігін көрсете білді.
Әріптесімізді лайықты жетістігімен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта шығармашылық табыс, кәсіби өсу және жаңа биіктер тілейміз! 👏✨