2026 жылғы 19 ақпанда Саумалкөл ауылындағы Саумалкөл мектеп-гимназиясы №2 базасында 5–6 сынып оқушылары арасында Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

Зияткерлік сайысқа ауданның ең үздік оқушылары қатысып, өздерінің жоғары дайындық деңгейін, білімге деген құштарлығын және мықты бәсекелестік қабілеттерін көрсетті.
Олимпиадаға аудан атынан барлығы 15 оқушы қатысты: 11 оқушы қоғамдық-гуманитарлық бағыт (ҚГБ) бойынша және 4 оқушы жаратылыстану-математикалық бағыт (ЖМБ) бойынша сынға түсті. Оқушылар өз мектептерінің абыройын лайықты қорғап, терең білімдерін, табандылықтары мен мақсаткерліктерін танытты.

ҚГБ бағыты бойынша нәтижелер:
І орын – Ержанов Тамерлан, Саумалкөл №1 орта мектебінің (ағылшын тілі) 5-сынып оқушысы.
ІІ орын – Жайлаубекқызы Надира, Имантау орта мектебінің (Қазақстан тарихы) 6-сынып оқушысы.
ІІІ орын –
Сейілбек Ержан, Өскен негізгі мектебінің (қазақ тілі мен әдебиеті) 5-сынып оқушысы;
Климович Кира, Саумалкөл №2 мектеп-гимназиясының (орыс тілінде оқытылатын сыныптардағы қазақ тілі) 6-сынып оқушысы;
Пичугина Надежда, Саумалкөл №1орта мектебінің (орыс тілі мен әдебиеті) 5-сынып оқушысы;
Байгарин Арслан, Лавровка орта мектебінің (орыс тілі мен әдебиеті) 6-сынып оқушысы.

ЖМБ бағыты бойынша нәтижелер:
ІІІ орын – Әлмағанбет Ердаулет, Саумалкөл қазақ орта мектебінің (математика) 6-сынып оқушысы.
Жүлдегерлер мен олардың жетекшілерін лайықты нәтижелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстарға жетіп, жаңа белестерді бағындыруларына тілектеспіз!