
Саумалкөлде 2026 жылғы 6 ақпанда 7–8 сынып оқушылары арасындағы Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі Саумалкөл мектеп-гимназиясы №2 базасында 7–8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Зияткерлік сайысқа алдыңғы кезеңдерде жоғары нәтиже көрсеткен ауданның үздік оқушылары қатысты.
Облыстық кезеңге аудан атынан барлығы 26 оқушы қатысты: 14 оқушы қоғамдық-гуманитарлық бағыт (ҚГБ), 12 оқушы жаратылыстану-математикалық бағыт (ЖМБ) бойынша. Қатысушылар өз мектептерін лайықты деңгейде таныстырып, терең білімдерін, табандылықтарын және жеңіске деген ұмтылыстарын көрсетті.
ҚГБ бағыты бойынша нәтижелер:
І орын - Исмаилжанова Солиха, Саумалкөл №1 орта мектебінің 7-сынып оқушысы (орыс тілінде оқытылатын қазақ тілі);
Еқсан Сара, Мәдениет орта мектебінің 8-сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті).
ІІІ орын - Плотников Артём, Саумалкөл №1 орта мектебінің 8-сынып оқушысы (орыс тілінде оқытылатын қазақ тілі);
Әшім Інжу, Саумалкөл мектеп-гимназиясы №2-нің 7-сынып оқушысы (қазақ тілінде оқытылатын орыс тілі мен әдебиеті);
Асылбекова Асима, Саумалкөл қазақ орта мектебінің 8-сынып оқушысы (қазақ тілінде оқытылатын орыс тілі);
Мозговая Александра, Қазан орта мектебінің 8-сынып оқушысы (ағылшын тілі).
ЖМБ бағыты бойынша нәтижелер:
ІІ орын - Гончарук Михаил, Саумалкөл №1 орта мектебінің 7-сынып оқушысы (биология).
ІІІ орын - Гришанова Пелагея, Саумалкөл мектеп-гимназиясы №2-нің 7-сынып оқушысы (география);
Леонченко Ефим, Саумалкөл мектеп-гимназиясы №2-нің 8-сынып оқушысы (география);
Богомолов Даниил, Арықбалық орта мектебінің 7-сынып оқушысы (математика).
Осындай деңгейдегі олимпиадаға қатысу — оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамытудағы маңызды қадам, өз қабілеттерін танытып, жарыс тәжірибесін жинақтауға үлкен мүмкіндік.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!