2024-2025 оқу жылының аяқталуы: негізгі жетістіктері мен нәтижелері

2024-2025 оқу жылының аяқталуы: негізгі жетістіктері мен нәтижелері
2024-2025 оқу жылының аяқталуы: негізгі жетістіктері мен нәтижелері
Оқушының жетістігі-мұғалім мен оқушының бірлескен жұмысының нәтижесі, олардың ынтымақтастығының, бірлескен авторлығының, жалпы шығармашылық және ғылыми ізденісінің нәтижесі.
Білім беру сапасының басты көрсеткіші-оқушының жетістігі, бәсекеге қабілеттілігі, оның біліміне деген сенімділігі, білімнің әртүрлі салаларындағы құзыреттілігі. Мұның бәрі әртүрлі конкурстарда, олимпиадаларда, зияткерлік марафондарда көрінеді.
Ауданымыздың оқушылары белсенді қатысушылар ғана емес, сонымен қатар аудандық, облыстық, республикалық конкурстардың, олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады.
Облыстық кезеңде пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобаларға 212 бала қатысты, оның ішінде 9 жеңімпаз және 46 жүлдегер.
Республикалық кезеңде 19 оқушы қатысты, оның ішінде 4 жеңімпаз және 9-ы жүлдегер атанды.
Нәтижелілік динамикасы (сапа %) өткен жылмен салыстырғанда 9% – ға өсті (2023 – 2024 оқу жылы – 34 %; 2024 -2025 оқу жылы-43 %).