"Дипломмен ауылға!" бағдарламасы бойынша тікелей эфир

"Дипломмен ауылға!" бағдарламасы бойынша тікелей эфир

2026 жылғы 19 наурызда «Айыртау ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ бас маманы «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша тікелей эфир өткізді.

Эфир барысында бағдарламаға қатысу шарттары мен әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тәртібі бойынша жан-жақты түсіндірме берілді. Әсіресе, көтерме жәрдемақы алу және тұрғын үй сатып алуға берілетін бюджеттік несие мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мұндай іс-шараларды өткізу халықтың мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттануын арттыруға және жас мамандарды ауылдық елді мекендерде жұмыс істеуге әрі тұруға тартуға бағытталған.