
2026 жылдың 04 ақпанында «Айыртау ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ маманы «Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолданылуы» тақырыбындағы семинарға қатысты.
Семинар барысында сот практикасында мемлекеттік тілді қолдану мәселелері қаралды, сондай-ақ оны іс жүргізу мен құқықтық салада қолданудың өзекті аспектілері талқыланды.
Мұндай іс-шараларға қатысу мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және мемлекеттік органдардың қызметіндегі мемлекеттік тілдің рөлін нығайтуға ықпал етеді.