Ағымдағы жылдың 6 мамырында Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу және «Таза Қазақстан» республикалық акциясы қарсаңында мәслихат аппараты мен «АМАNАТ» партиясының аудандық филиалының ұжымдары Саумалкөл ауылының орталық саябағын абаттандыруға қатысты. Бұл жай ғана акция емес, бұл батырларды есте сақтауға және туған ауылымызды одан да әдемі етуге деген ұмтылыс!