
Ағымдағы жылдың 20 мамырында Айыртау аудандық мәслихатының VІІІ шақырылымының кезекті XLV сессиясы Айыртау аудандық мәслихатының төрағасы Гүлмира Армияқызы Әбілқайырованың төрағалығымен Айыртау ауданы әкімінің орынбасары Асхат Сарғабекұлы Бакеев пен облыстық Тексеру комиссиясының мүшесі Тимур Қабдешұлы Тұрсыновтың онлайн режимде қатысуымен өтті.
Сессия жұмысына аумақтық органдардың, аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары, ауылдық округ әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- Айыртау ауданының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есепті бекіту туралы;
- 2025 жылға арналған Айыртау ауданының ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерді бекіту туралы;
- Айыртау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 қаңтардағы Айыртау ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы № 8-11-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.