
Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде Петропавл қаласында «Senat Open» III Ашық Кубогы аясында шахматтан іріктеу кезеңі (1/8 финал) өтті. Іс-шара облыстың әртүрлі кәсіби салаларының, соның ішінде мәдениет, денсаулық сақтау, бұқаралық ақпарат құралдары мен білім беру қызметкерлерінің өкілдерін жинады.
Айыртау ауданын білім беру саласының қызметкерлері: Амантай Нұртасұлы Айтбаев, Мереке Темірбекұлы Бекеев және Айнаш Сапарбекқызы Есмағзамова.
Турнир бірнеше кезеңнен тұрды. Жарыс қорытындысы бойынша 1/4 финалға А.Н. Айтбаев пен М.Т. Бекеев шықты.
Қатысушыларымызды лайықты нәтижемен құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!