Айыртау аудандық мәслихатының VIII шақырылымының кезекті XLII сессиясы өтті

Айыртау аудандық мәслихатының VIII шақырылымының кезекті XLII сессиясы өтті

Ағымдағы жылдың 31 наурызында Айыртау аудандық мәслихатының VІІІ шақырылымының кезекті XLII сессиясы Айыртау аудандық мәслихатының төрағасы Гүлмира Армияқызы Әбілқайырованың төрағалығымен Айыртау ауданы әкімінің орынбасары Динара Дәулет-Көшейқызы Мажгұлованың қатысуымен өтті.

Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. «Аудандық мәслихат төрағасының мәслихаттың 2025 жылғы атқарып жатқан жұмысы туралы есебі»;
  2. «Ауданда бұқаралық спортты дамыту туралы»;
  3. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 17 қарашадағы «4-40-6 «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі арнайы комиссияның дербес құрамы және оларға куәліктер беру туралы шешіміне өзгеріс енгізу туралы»;
  4. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігі жанындағы мүгедектер істері жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы туралы» Айыртау аудандық мәслихатының 2005 жылғы 21 қазандағы № 3-21-11 шешіміне өзгеріс енгізу туралы»;
  5. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының ауыл шаруашылығы саласындағы кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы»;
  6. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 8-38-3 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігі жанындағы жер комиссиясының ережесі мен құрамын бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
  7. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 8-22-21 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы шешіміне толықтыру енгізу туралы»;
  8. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы»;
  9. «Айыртау аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 қаңтардағы № 3-33-4 «Кәмелетке толмағандар және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі Айыртау аудандық комиссиясының дербес құрамы туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
  10. «Айыртау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 шілдедегі № 4-8-8 «Айыртау ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия консультативтік-кеңесші органын құру туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
  11. «Айыртау ауданы әкімдігінің дербес құрамы туралы Айыртау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 5-3-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
  12. «Айыртау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 қаңтардағы Айыртау ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы № 8-11-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.