Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы

Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы

Бүгін түстен кейін аудан әкімдігінің үлкен залында тұрақты комиссия төрағасы Ирина Юлиановна Бурковскаяның төрағалығымен сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті, Айыртау ауданы әкімінің орынбасары Б.М. Жантілеуов, Айыртау ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Е.Р. Сейітжан, аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысының м.а. А.Ж. Қазкеев, аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы Ж.М. Қапарғазин, «Айыртау Коммун-Сервис» ЖШС директоры А.М. Мұқанов және ауылдық округ әкімдері шақырылды..

Отырыста «Ауданда су тасқынына қарсы іс – шараларға дайындық барысы туралы» мәселе қаралып, аудан әкімінің орынбасары Б.М.Жантілеуовтың ақпараты тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша тұрақты комиссиялардың бірлескен қаулылары қабылданды.