Айыртау аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

Айыртау аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

   

Бүгін аудан әкімдігінің кіші залында сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы өтті, оған аудан депутаттары, аудандық мәслихаттың төрағасы Г. А. Әбілқайырова, аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар по жөніндегі аға инспекторы Б. И. Джахина, аудандық білім беру бөлімінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскері А. О. Қарақұлова, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы аудан әкімдігінің саясаты, мәдениеті және тілдерді дамыту аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А. Ж. Қазкеев және «Айыртау Коммун-Сервис» ЖШС директоры А. М. Мұқанов қатысты.

        Отырыс А. Қ. Қожахметовтың төрағалығымен зкономикалық реформа, бюджет, салық және қаржы қызметі, халық шаруашылығы және экология салалары мәселелері бойынша, сондай-ақ И. Ю. Бурковскаяның төрағалығымен халықтың денсаулығын сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, жастар ісі бойынша, адам құқықтары мен заңдылық, депутаттық өкілеттіктер мен этика, қоғамдық ұйымдармен байланыс мәселелері мен бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыстары бойынша өтті.

        Отырыста келесі мәселелер қаралды:

  1. Ауданда жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы;
  2. Жасөспірімдерді патриоттық және адамгершілік тәрбиелеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы;
  3. 2026 жылға арналған құрылыс, жөндеу жобалары бойынша аудан әкімдігінің құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жұмыс жоспарлары туралы. Айыртау ауданының елді мекендерін сумен жабдықтау;
  4. «Айыртау Коммун-Сервис» ЖШС-нің 2025 жылғы және 2026 жылдың өткен кезеңіндегі қызметі туралы;
  5. Айыртау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қарашадағы № 8-9-2 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

       Отырыс қорытындысы бойынша тұрақты комиссиялардың бірлескен қаулылары қабылданды, сондай-ақ тиісті ұсынымдар берілді.