
Ағымдағы жылдың 22 желтоқсанында Айыртау аудандық мәслихатының VІІІ шақырылымының кезекті XXXVI сессиясы Айыртау аудандық мәслихатының төрағасы Гүлмира Армияқызы Әбілқайырованың төрағалығымен Айыртау ауданының әкімі Мейрам Жақсылықұлы Меңдібаевтың қатысуымен өтті.
Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
– «Айыртау ауданының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы»;
- «Айыртау ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы»;
- «2026 жылы Айыртау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау көрсету туралы»;
- «Айыртау аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 қаңтардағы № 3-33-4 «Кәмелетке толмағандар комиссии және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі Айыртау аудандық комиссиясының дербес құрамы туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
- «Айыртау аудандық мәслихаты аппаратының құрылымы мен штат санын және аудандық мәслихатты ұстауға және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жұмсалатын шығыстардың жалпы сметасын бекіту туралы»;
- «2026 жылы аудандық мәслихат сессияларының қарауына енгізілетін негізгі мәселелердің тізбесі туралы».
Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.