АЙЫРТАУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

АЙЫРТАУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

2025 жылғы 22 желтоқсанда сағат 09-00-де аудан әкімдігінің үлкен залында сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті XXXVI сессиясы өтеді.

Депутаттар сессиясының қарауына мынадай негізгі мәселелер енгізіледі:

  1. «Айыртау ауданының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы»;
  2. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы»;
  3. «Аудан ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттерін бекіту туралы»;
  4. «Айыртау ауданы әкімдігі жанындағы консультативтік – кеңесші орган саласында қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы»;
  5. «2026 жылы Айыртау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы»;
  6. «Айыртау аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 қаңтардағы № 3-33-4 «Кәмелетке толмағандар комиссии және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі Айыртау аудандық комиссиясының дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  7. «Айыртау аудандық мәслихаты аппаратының құрылымы мен штат санын және 2026 жылға арналған аудандық мәслихатты ұстауға және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге арналған шығыстардың жалпы сметасын бекіту туралы»;
  8. «2026 жылы аудандық мәслихат сессияларының қарауына енгізілетін негізгі мәселелердің тізбесі туралы».