Бүгінгі күннің бірінші жартысында Айыртау аудандық мәслихатының VІІІ шақырылымының кезектен тыс XXXIV сессиясы Айыртау аудандық мәслихатының төрағасы Гүлмира Армияқызы Әбілқайырованың төрағалығымен Айыртау ауданы әкімі орынбасары Бақытжан Миктасұлы Жантілеуовтың қатысуымен өтті.
Сессия жұмысына Қоғамдық кеңестің мүшелері, ауданның жергілікті атқарушы органдарының басшылары және ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 05 мамырдағы «Айыртау ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» № 8-26-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- 2. Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 08 мамырдағы № 8-26-4 «Айыртау ауданының Володар ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 08 мамырдағы № 8-26-10 «Айыртау ауданының Қаратал ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 08 мамырдағы № 8-26-11 «Айыртау ауданының Константиновка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 08 мамырдағы № 8-26-12 «Айыртау ауданының Лобаново ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 08 мамырдағы № 8-26-13 «Айыртау ауданының Нижнебурлук ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 08 мамырдағы № 8-26-15 «Айыртау ауданының Украин ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Айыртау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 8-13-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Айыртау ауданында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы. 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының барысы туралы. Ауданның елді мекендерін сумен жабдықтау;
- «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған Жоспарды іске асыру барысы туралы».
Талқылаудан кейін барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.