«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» «Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының» (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау аудандық мәслихаты шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы хабарлайды.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған сайлау комиссиялары құрылатын комиссияларға қатысты мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болуға тиіс емес.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, Орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау Дүйсенбі ден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін Айыртау аудандық мәслихатында жүзеге асырылады.
Аудандық мәслихаттың мекенжайы: СҚО Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Ш. Уәлиханов көшесі 44.
Аудандық мәслихат төрағасы - Әбілқайырова Гүлмира Армияқызы.
Материалдарды жинауға жауапты: Әйтімбетов Марат Зекентайұлы, аудандық мәслихат аппаратының басшысы, тел: 8(71533) 22-643, 21-902. электрондық пошта мекенжайы: maslihat123@mail.ru.
№ |
Учаскелік сайлау комиссиясының нөмірі |
Учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің ваканттар саны |
1. |
38 |
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Целинная негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Светлое ауылы, Школьная көшесі, 10. |
1 |