Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Ағымдағы жылдың 08 қыркүйегінде Айыртау аудандық мәслихатының VІІІ шақырылымының кезектен тыс XXXI сессиясы Айыртау аудандық мәслихатының төрағасы Гүлмира Армияқызы Әбілқайырованың төрағалығымен Айыртау ауданы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Тасқынбай Ардақ Тасқынбайұлының қатысуымен өтті.

Сессия жұмысына ауданның жергілікті атқарушы органдарының басшылары және онлайн режимде ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 05 мамырдағы «Айыртау ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» № 8-26-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 08 мамырдағы № 8-26-2 «Айыртау ауданының Антоновка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  3. Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 08 мамырдағы № 8-26-4 «Айыртау ауданының Володар ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
  4. Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 08 мамырдағы № 8-26-6 «Айыртау ауданының Елецкий ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  5. Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 08 мамырдағы № 8-26-7 «Айыртау ауданының Имантау ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  6. Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 08 мамырдағы № 8-26-9 «Айыртау ауданының Қамсақты ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  7. Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 08 мамырдағы № 8-26-15 «Айыртау ауданының Украин ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  8. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 11 шілдедегі № 7-19-5 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.