Бүгін күннің екінші жартысында Айыртау аудандық мәслихатының VІІІ шақырылымының кезекті XXX сессиясы Айыртау аудандық мәслихатының төрағасы Гүлмира Армияқызы Әбілқайырованың төрағалығымен Айыртау ауданының әкімі Мейрам Жақсылықұлы Меңдібаевтың қатысуымен өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары, аумақтық, құқықтық және жергілікті атқарушы органдарының басшылары қатысты.
Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- Айыртау ауданында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы. 2025-2026 жылдарға арналған жылыту маусымына дайындық туралы.
- Айыртау ауданының білім беру саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы. Білім беру мекемелерін жаңа оқу жылына дайындау.
- Аудан азаматтарын әлеуметтік қамтамасыз етудің мемлекеттік шаралары. Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта құру жөніндегі жұмыс туралы.
- Ауданда ішкі саясат, мәдениет және тіл саясатын іске асыру саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.
Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.