Ағымдағы жылдың 25 маусымында аудандық әкімдіктің кіші залында Әсет Қожахметовтың төрағалығымен Қоғамдық кеңестің және аудандық мәслихат депутаттарының кезекті отырысы өтті, оған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Болат Енсегенов онлайн режимде қосылды.
Жұмысқа мемлекеттік органдардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде Қоғамдық кеңес мүшелері мен депутаттар мынадай мәселелерді қарады:
- Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ қызметі туралы;
- Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің 2024 жылғы 11 маусымдағы № 5 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 8-22-21 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Өрт қауіпті кезеңді өткізу бойынша қабылданатын шаралар туралы;
- «Айыртау ауданы Саумалкөл ауылын абаттандыру жұмыстарының барысы туралы»;
- Ауданда денсаулық сақтау саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы;
- «Айыртау ауданының мансап орталығы» филиалының атқарып жатқан жұмыстары туралы;
- Ауданның елді мекендерін сумен жабдықтау туралы.
- Балаларға арналған жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша ауданның білім бөлімінің жүргізіп жатқан жұмысы туралы.
Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері мен аудандық мәслихат депутаттары жергілікті атқарушы органдардың жұмыста одан әрі пайдалануы үшін қаралған әрбір мәселе бойынша бірқатар ұсынымдар мен қаулылар қабылданды.