Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

Ағымдағы жылдың 21 мамырында Айыртау аудандық мәслихатының VІІІ шақырылымының кезекті XXVII сессиясы Айыртау аудандық мәслихатының төрағасы Гүлмира Армияқызы Әбілқайырованың төрағалығымен Айыртау ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Миктасұлы Жантілеуов пен облыстық Тексеру комиссиясының мүшесі Тимур Қабдешұлы Тұрсыновтың қатысуымен өтті.

Сессия жұмысына аумақтық органдардың, қоғамдық бірлестіктің, аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері қатысты. 

Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

- Айыртау ауданының 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есепті бекіту туралы;

- 2024 жылға арналған Айыртау ауданының ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерді бекіту туралы;

- «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Айыртау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 8-13-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 

- «Айыртау аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 қаңтардағы № 3-33-4 Кәмелетке толмағандар комиссиясы және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі Айыртау аудандық комиссиясының дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.