«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Айыртау Тазалық» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын мемлекеттік-жекешелік әріптестікте құру туралы хабарлайды.
Кәсіпорынның басқару органы «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні, қауіпті емес қалдықтарды жинау және аумақтарды абаттандыру саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметін жүзеге асыру.
Анықтама алу үшін 21-8-17 телефон арқылы хабарласуға болады.