Еуропалық және Жерорта теңізі өсімдіктер қорғау ұйымының шақыруымен карантин және өсімдіктерді қорғау жөніндегі ұлттық ұйымның басшысы Дархан Есентемірұлы Әбдікәрімов Еуропалық және Жерорта теңізі өсімдіктер қорғау ұйымының Кеңесінің 74-ші сессиясына қатысты. Іс-шара Әзербайжан астанасында 2024 жылдың 24-25 қыркүйегінде өтті.
Еуропалық және Жерорта теңізі өсімдіктер қорғау ұйым кеңесінің осы сессиясы барысында Бас директорды тағайындау және ұйымның төрағасы мен Төрағасының орынбасарын сайлау өтті.
Қазақстанның бұл іс-шараға қатысуы карантин және өсімдіктерді қорғау саласындағы одан әрі даму жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Еуропалық Жерорта теңізі өсімдіктер карантині және қорғау ұйымы фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өсімдік зиянкестері мен ауруларының таралуын болдырмау үшін әртүрлі елдерді біріктіретін беделді халықаралық ұйым болып табылады, бұл ауылшаруашылық өнімдерінің сапасына тікелей әсер етеді.