Ағаш материалдарындағы қара қарағай сүгені

Ағаш материалдарындағы қара қарағай сүгені

Карантиндік объектінің кезекті анықталуы Қарағанды облысында тіркелді. Осылайша, бақылау-қадағалау іс-шараларын жүргізу барысында морфологиялық белгілері бойынша орманның өте қауіпті зиянкестері болып табылатын қара қарағай сүгеніне  ұқсас карантиндік объект табылды. Жүргізілген карантиндік зертханалық сараптама объектінің бар екендігін растады. Бұл қарағай ағашы Ресей Федерациясынан 35 м3 көлемінде әкелінді.

Өнім иесіне қатысты фитосанитариялық талаптарды бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК сәйкес айыппұл түріндегі әкімшілік шара қолданылды.

Сондай-ақ, карантиндік объектінің еркін таралуын болдырмау мақсатында Қазақстанда рұқсат етілген инсектицидтерді қолдана отырып, жұқтырған ағаш материалдарын химиялық өңдеу бойынша іс-шаралар жүргізу қажеттілігі туралы нұсқама берілді.