
ҚР АШМ АӨК МИК Көкшетау қалалық аумақтық инспекциясының карантиндік инспекторы Ресей Федерациясынан автомобиль көлігімен келіп түскен көлемі 40 м3 болатын «қарағайдың кесілген ағаш материалдары» карантинге жатқызылған өнімге карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) жүргізу барысында «қарағайлық қара сүгені» карантиндік объектісін анықтады.
Карантиндік инспектор іріктеп алған үлгілер Ақмола облыстық карантиндік зертханасына жіберілді. 2024 жылғы 15 шілдедегі жүргізілген сараптама анықталған нысанның қауіпті карантиндік объект болып табылатын қара қарағай қоңызы екенін растады.
Анықталған фитосанитариялық талаптарды бұзу нәтижесінде өнім иесіне қатысты «әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 1-тармағының 1-бөлігінің 400-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, карантиндік объектінің еркін таралуын болдырмау мақсатында 2024 жылғы 17 шілдеде 2024 жылғы 31 шілдеге дейінгі мерзімде Қазақстанда рұқсат етілген инсектицидтерді қолдана отырып, залалданған ағаш материалдарын химиялық өңдеу бойынша іс-шара өткізуге және карантинге жатқызылған өнімді химиялық препараттармен зарарсыздандыру бойынша орындалған жұмыстар актісін ұсынуға нұсқама берілді.