
ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық инспекциясының Орал қалалық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларымен межелі орнында екінші қайтара тексеріс жүргізу барысында Ресей Федерациясынан келіп түскен 0,5 тонна қызанақ өнімінен карантиндік объекті - қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы (ToBRFV) анықталды.
Қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы (ToBRFV) – бұл өсімдік вирусы. Белгілері-жұқтырған жемістерде пайда болатын қоңыр және мыжылған дақтар, мозаика және жапырақтардың бұрмалануы. Ауру өршуі мүмкін және жемістерді жарамсыз етеді.
Жоғарыда аталған факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, тәртібімен сотқа жолданды. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 400-бабы 2-бөлігінің 1) тармағына сәйкес сотпен айыппұл салынды.
Сақтауда тұрған карантиндік қызанақ өнімі сот қаулысына сәйкес жоюға жатады.