Оқыту іс-шаралары өткізілді

Оқыту іс-шаралары өткізілді

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі «Сауда саясатын дамыту мәселелері» тақырыбында 2023 жылғы 25 желтоқсанда өткен Үкімет сағатының нәтижелері бойынша жолданған ұсыныстарды орындау мақсатында а.ж. 15-18 сәуір аралығында ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ ғимаратында облыстық аумақтық инспекциялардың өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлім басшыларына кәсіби құзыреттерін арттыруға бағытталған оқыту іс-шаралары (семинар) өткізілді.

Оқыту іс-шараларына Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының биология ғылымдарының кандидаттары, PhD докторлары қатысып, дәрістер жүргізді (ZOOM). 

Сонымен қатар, ҚР АШМ АӨК МИК  «Республикалық өсімдіктер карантині орталығы» РММ және «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ энтомолог, герболог, фитопатолог мамандары дәріс өткізді.