Импорттық карантинге жатқызылған өнімдегі карантиндік нысандарды анықтау

Импорттық карантинге жатқызылған өнімдегі карантиндік нысандарды анықтау

ҚР АШМ АӨК МИК Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Ресей Фдерациясынан келіп түскен 28,91 тн көлеміндегі «банан» өнімінде карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) жүргізу барысында Шығыс ұнтақ сымыры карантиндік нысаны анықталды.

Нәтижесінде «Әкімшілік құқық бұзышылық туралы» ҚР Кодексінің 1-тармағының 2-бөлігінің 400-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды, сондай-ақ, барлық құжаттар Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 13 наурызында Ресей Федерациясынан келген «ағаш» карантинге жатқызылған өнімдерінің инспекторлары карантиндік зиянкестердің жұлдызқұрты анықталды.

Екі жағдайда да мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, ал залалданған карантиндік өнім зарарсыздандырылды.