Венесуэла Республикасының Өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі ұлттық ұйымының директорымен кездесу өтті

Венесуэла Республикасының Өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі ұлттық ұйымының директорымен кездесу өтті
Ағымдағы жылдың сәуір айында ҚР АШМ АӨК Мемлекеттік инспекция комитетінің Сыртқы бақылау мен қадағалау басқармасының басшысы Қайрат Серікұлы Темірбеков және Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы Сымбат Бегалыұлы Қалиасқаров Венесуэла Республикасының Өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі ұлттық ұйымының директоры (Өсімдіктердің кешенді денсаулығы жөніндегі ұлттық директоры) Жоан Хосе Монтилья Мотамен кездесу өткізді.
Кездесу бірнеше бағытты қамтыды:
- еліміздің аумағындағы фитосанитариялық қызметтің статусы мен жүйесі;
- импорттық өнімдерге қойылатын фитосанитариялық талаптар;
- экспорттық өнімдерді сертификациялау тәртібі;
- еліміздің аумағында қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында қабылданған кешенді шаралар туралы;
Кездесу барысында экспорттық өнімдерге фитосанитариялық сертификатты алу үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметті, яғни ҚР АШМ «e-Agriculture» агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесінде өтінімдерді қабылдау, тіркеу және карантиндік фитосанитариялық бақылау қадағалау нәтижесінде тиісті акті мен фитосанитариялық сертификатты ресімдеу тәртібін көріп, танысты.
Кездесу нәтижесінде Монтилла Мота Джоан Джозе Елордалық фитосанитариялық қызметіне өз алғысын айтып, Республикамызда фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жүргізіліп отырған кешенді шараларға сенімін білдіре отырып, еліміздің отандық өнімдерін импорттауға ниетті екенін жеткізді. Сондай-ақ, кездесу нәтижесінде екі жақтың фитосанитариялық қызметтері жаңартылған ұлттық фитосанитариялық талаптар мен аумақтарында шектеулі таралған карантиндік зиянкес организмдердің тізімдерімен алмасуға уағдаласты.