2024 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті 88 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салды

2024 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті 88 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салды

2024 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекцияларымен өсімдіктер карантині саласында 942 бұзушылық анықталды, нәтижесінде 88 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұлдар салынды.

Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар басқа елдерден карантинге жатқызылған өнімді импорттау кезінде карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру кезінде фитосанитариялық сертификаттың болмауының 100 жағдайын, карантиндік объектіні анықтаудың 7 фактісін, фитосанитариялық сертификаттың сәйкес келмеуін 30 жағдай, 37 таңбалаудың болмауын, 47 фитосанитариялық талаптардың бұзылуын және тыйым салынған өнімді әкелудің 1 жағдайын анықтады.

Барлығы экспорттаушы елге 2 138 тонна, 177 м. куб., 42 224 дана карантинге жатқызылған өнім қайтарылды. Карантинге жатқызылған өнімді қайтаруды, жоюды және қайта өңдеуді жүзеге асыру бойынша 130 шара қабылданды.

Сонымен қатар, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлармен 326 нұсқама берілді.

Карантинге жатқызылған өнімдер Ресей Федерациясынан, Қытай Халық Республикасынан, Қырғыз Республикасынан, Өзбекстан Республикасынан, Түркия Республикасынан, Түрікменстаннан, Германиядан, Ираннан, Тәжікстаннан және басқа елдерден әкелінді.