
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 337 бұйрығымен (Еуразиялық экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды: 100119, 100199) лицензияланған элеваторлардың, астық өңдеушілердің, құс шаруашылығы кәсіпорындарының мекенжайына темір жол көлігімен бидай әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы бидай транзитін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен темір жол және автомобиль көлігімен әкелуге тыйым салынған сәттен бастап астықты әкелу қатаң бақылауда.
Бұйрықты орындау мақсатында ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекцияларының фитосанитариялық бақылау бекеттерінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары тыйым салынған өнімді әкелуге жол бермеу үшін тұрақты түрде белсенді жұмыс жүргізуде.
Бақылау пункттеріндегі өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар бұйрық енгізген сәттен бастап импортталған карантиндік өнімді карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) жүргізу кезінде тыйым салынған өнімді әкелуге әрекет жасау фактілерін анықтады.
Ресей Федерациясымен шекаралас аумақта орналасқан Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының бақылау пункттерінде бидай әкелудің 25 жағдайы алдын алынды. Жүргізілген бақылау-қадағалау іс-шараларының нәтижелері бойынша экспорттаушы елге 25 автокөлік құралы, тыйым салынған карантиндік өнімнің 679,58 тн қайтарылды. 132 мың теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды.
Одан басқа, Қостанай облысының бақылау пункттерінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар арпа түріндегі бидайды әкелу әрекеттерін тоқтатты. Нәтижесінде инспекторлар 276 мың теңге сомасына айыппұл салды, сондай-ақ 58 тн көлеміндегі барлық тыйым салынған өнімдер кері қайтарылды.