ҚР АШМ инспекторлары Ираннан келген қауіпті 62 тонна қиярды жойды

ҚР АШМ инспекторлары Ираннан келген қауіпті 62 тонна қиярды жойды

Қауіпті көкөністер Шымкент қаласында табылды.

ҚР АШМ Шымкент қалалық аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Иран Ислам Республикасынан келген қиярдың үлкен партиясынан қауіпті зиянкестердің бірі – «Батыс гүлді трипс» вирустық зиянкесін анықтады.

Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес,  аталған өнімдер Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдауға тыйым салынды. 62 тоннаға жуық қауіпті қияр  тәркіленіп, дереу жойылды.